«Оператор РОП-тың» бұрынғы басшыларына қатысты сот алдын ала тыңдауды бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Оператор РОП-тың» бұрынғы басшыларына қатысты сот алдын ала тыңдауды бастады

06.04.2023

«Оператор РОП-тың» бұрынғы басшыларына қатысты сот алдын ала тыңдауды бастады. Айыпталушылар қатарында бұрынғы экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, Кәсіпкерлердің кеңейтілген міндеттемелері операторының директоры Медет Құмарғалиев, Қаржы директоры Рустам Темірбек және бас директоры Светлана Коротенко бар. Рустам Темірбек судядан СарыарқаАвтоПромның басшысын және тағы да бірнеше лауазымды тұлғаның іске қатысы барын айтып, оларды да тергеуді сұрады. Тіпті кімнің қалтасында қанша ақша кеткенін де есептеп берді. Мәселенің ақ-қарасын сот анықтайды.  

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу