Ақтөбе облысында 50-ге жуық ауыл жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында 50-ге жуық ауыл жарықсыз қалды

17.04.2023

Ақтөбе облысында 50-ге жуық елді-мекен жарықсыз қалды. Оған соңғы тәуліктердегі қолайсыз ауа райы себеп. Яғни, қатқан мұзды көтере алмай, электр сымдары үзілген, кейбір жерлерде бағаналар құлаған.

Қазір 7 ауданның аумағында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Түске дейін Шалқар ауданының елді-мекендері және Ырғыз ауданының 15 ауылында апаттың зардабы толық жойылған. Дегенмен, Әйтеке би ауданында 7, Хромтауда 6 ауыл әлі электр қуатынсыз отыр. Ал, Мәртөкте жағдай тіпті күрделі. Себебі, мұндағы 30 елдімекеннің жиырмасында үш күннен бері жарық жоқ. Аудан орталығында екі мектепте сабақ процесі қысқартылған кесте бойынша жүріп жатыр. Екі балабақша жұмысын уақытша тоқтатқан. Дүкендер жабық болғандықтан, тұрғындар нан мен балауыз шамның өзіне зәру болғандарын айтады.

Айымгүл Молдахмет, ауыл тұрғыны:

Телефонның көмегімен отырдық. Май шам да болған жоқ ол кезде. Нан да болған жоқ. Сатып алатын едік.

Аслан Айтмағамбетов, Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары:

Қазір Ресей Федерациясында линяда авария. Ремонттық жұмыстар жүріп жатыр. Жарықсыз қалып тұрғаны 3 мың абонент. Бізде Мәртөк бойынша графикпен қосып жатырмыз.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу