Олар халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлері мен жөн-жоралғыларын келетін әрбір туристерге таныстырып, көрсетеді. Келушілерге ұлттық дастархан мәзірінен дәм татқызады.
«Қазақ ауылына» ат басын бұрғандарды қолөнер бұйымдары: ши, басқұр, сырмақ, кесте, кілем, қамшы және тағы басқа да дүниелердің жасалу жолдарымен таныстырады.
Әлбетте, мұндай мәдени-танымдық шараларды көрген туристер қазақ ұлтының ән-күйін де тыңдайды. Ал, «Қара жорға» әні орындалғанда саяхатшылар еріксіз буындарын былқылдатып билей жөнеледі.
Алмат ӘБДІРАМАН