Халықты МӘМС бойынша мазалайтын сауалдар өте көп. Осы медициналық сақтандырудың игілігін ел көріп жүр ме? Қор қымбат анализдер мен күрделі операцияның шығындарын көтере ме? Егер, Сіз бен біз ай сайын дәрігерге қаралмасақ, жалақымыздан міндетті алынатын жарна қайда кетеді, оны басқа мақсатқа алуға бола ма? Осы және өзге де өзекті сауалдарға ертең, сағат 20.30-да шығатын Жедел желі жобасында, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Гүлжан Шайхыбекова тікелей эфирде жауап береді. Көкейкесті сауалдарыңыз болса, жолдаңыздар.
Армангүл Тоқтамұрат