Израильде жүздеген адам наразылық ретінде жолды бөгеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильде жүздеген адам наразылық ретінде жолды бөгеді

11.04.2023

Бұл Тель-Авив көшелерінде өтіп жатқан шеру. Жүздеген адам наразылық ретінде жолды бөгеді. Шеру премьер-министр Беньямин Нетаньяху теледидардан ұлттық қауіпсіздікке байланысты сөз сөйлеген соң басталған. Үкімет басшысы демонстранттар мен оппозицияны соңғы кездері елде қалыптасқан күрделі ахуал үшін айыптаған. Демонстранттар осыған ашулы. Шерушілер арасынан екі адам қамауға алынды. Айта кетсек, Израильде сот реформасына қарсы шерулер бірнеше аптадан бері тыйылмай тұр. Заң жобасына наразы халық құжат қабылданса, елдің сот жүйесі тәуелсіз болудан қалады деп алаңдайды.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу