Шымкент мұнай өңдеу зауыты тәулігіне 17 700 тоннаға жуық мұнай өңдеуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент мұнай өңдеу зауыты тәулігіне 17 700 тоннаға жуық мұнай өңдеуде

10.04.2023

Шымкент мұнай өңдеу зауыты қазір тәулігіне 17 мың 700 тоннаға жуық мұнай өңдеуде. Одан 6 мың 200 тонна бензин, 5,600 тонна дизель отыны мен 820 тонна сұйық газ өндіріледі. Ал сәуір айының соңына дейін 366 мың тонна мұнай өңделеді.

Бақыт Ерігенов, Мұнай өңдеу зауытының техникалық директоры:

Қазір тек ішкі нарыққа кетіп жатыр мұнай өнімдері. Бүгін 1 мың 600 тонна дизель отыны шықты және сұйытылған газ 220 тонна бүгін шықты. Оны тек Түркістан мен Шымкентке.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу