Заңсыз митинг ұйымдастырғандар мен оған қатысқандар жазаланады. Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев осылай деп қазақстандықтарға үндеу жасады. Өйткені әлеуметтік желілерде 9 сәуірде рұқсат етілмеген митингілерді өткізуге және қатысуға шақырулар тарап жатыр. Бас прокуратура мұндай заңсыз акцияларды ұйымдастырып, қатысқаны үшін жаза бар екенін ескертті.
Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
Қоғамдық тәртіпті, халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау - біздің басты басымдықтарымыз. Осыған байланысты, Бас прокуратура қолданыстағы заңнаманың нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге және заңсыз акцияларды ұйымдастырудан және оларға қатысудан, сондай-ақ оларға жария түрде шақырудан бас тартуға шақырады.