Дүниежүзілік денсаулық күнін қазақстандықтар белсенді түрде атап өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік денсаулық күнін қазақстандықтар белсенді түрде атап өтіп жатыр

07.04.2023

Дүниежүзілік денсаулық күнін қазақстандықтар да белсенді түрде атап өтіп жатыр. Таңмен таласа астаналықтар Ботаникалық бақта жиналып, бір шақырым қашықтыққа жүгірді. Салауатты өмір салтын насихаттайтын марафонға тұрғындардан бөлек үкімет мүшелері де қатысты.

Асылбек Данияр, тілші:

Міне, «Сөзден іске» денсаулық акциясы басталды. Күннің суықтығына қарамастан мыңға жуық қала тұрғыны қазір акцияға қатысып жатыр, барлығы жүгіруде. Жалпы қашықтық бір шақырым. Қатысушылардың арасында Денсаулық сақтау министрі, сонымен бірге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі, одан бөлек дәрігерлер, осы қала тұрғындары бар. Қазір біз Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиниятқызына жетіп алып, өзіміздің сұрағымызды қойсақ. Ажар Гиниятқызы, қайырлы таң! Енді біз білеміз осы халықтың денсаулығын нығайту үшін жалпы саламатты өмір салтын насихаттау үшін бізде заң жобасы бар. Енді 2025 жылға дейін де халықтың осы саламатты өмір салтын сақтауды бір 30 пайызға ұлғайтамыз деген жоспар бар. Қазір қалай жүзеге асып жатыр?

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Дұрыс айтасыз, ұлттық жоба «Дені сау ұлт» атты ұлттық жобада саламатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту жөнінде үлкен бағыт бар. Осы бағыт бойынша саламатты өмір салтын сақтайтын халық санын өсіру керек, 30 пайызға жеткізу керек. Бүгінгі таңда 20-дан асып отыр, біздер дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп зерттеулер жүргізіп тұрамыз.

Асылбек Данияр, тілші:

Қазір бізде көбіне қандай аурулар жиі кездеседі?

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Біздердің қазіргі таңда 85 пайызы бұл инфекциялық емес аурулар дейміз. Ол артық салмақ, темекі шегу, қан қысымы жоғары, қандағы холестерин. Сондықтан әрбір азамат өзінің 10 дені сау санын білуі керек.

Асылбек Данияр, тілші:

Ажар Ғиниятқызы, көп рахмет! Ондай болса сіз жалғастыра беріңіз. Іске сәт! Шара қазір ғана аяқталды, қатысушылардың барлығы мәре сызығынан кесіп өтті. Қатысушылардың бірі Ілияспен тілдесіп көрсек. Ілияс жалпы өзің спортпен айналысасың ба, күніге осылай жүгіріп тұрасың ба?

Ілиәс, қала тұрғыны:

Иә, мен спортпен таңертең, таңғы сағат 7-8-ге дейін бір сағат жүгіремін. Қалыпты жағдайда 3-2 км шамасында жүгіріп, осылай денсаулықты бір спортпен айналысамын.

Асылбек Данияр, тілші:

Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған мұндай шаралар тек қана Астана қаласында емес еліміздің өзге өңірлерінде әр түрлі форматта өтіп жатыр.


Хабарламаларға жазылу