Ақмола облысының Зеренді ауданында Ақан серінің әніне арқау болған Балқадишаға арналып ескерткіш ашылды.
Балқадиша Ыбырайқызы - Зеренді ауданына қарасты, Кеңөткел елді мекенінің тумасы. Ән кейіпкеріне айналуы да тегін емес.
Тас тұғырдың бой көтеруіне аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері мұрындық болған.
«Балқадиша - сұлулығымен ғана емес, асқан парасаттылығымен де күллі қазақ қыздарының символы», - дейді ел ағалары.
Ермек ЕЛБЕРГЕН