Қостанай облысының Қарамырза елдімекенінде 35 үй мен 60 жуық қора-қопсыға қарғын су кірді. Қазір құтқарушылар тасқын суды тоқтату үшін жұмыс істеп жатыр. Оған 25 адам мен 6 техника, 3 жүзу құралы және 14 мотопомпа жұмылдырылған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшірілді.
Дәуренбек Әбдібек