Бразилияда балабақшаға жасалған шабуылдан төрт бала қайтыс болды. Тағы төртеуі жараланып, ауруханаға түскен. Қанды оқиға елдің оңтүстігіндегі Блуменау қаласында болды. Қазір мектепке дейінгі мекемеде ата-аналар мен мұғалімдер жиналып, мерт болған жеткіншектерді еске алып жатыр. Қаза тапқан балалар - төрт пен жеті жас аралығында. Оларға оқ жаудырған 25 жастағы жігіт полицияға өз еркімен берілді. Оның мұндай ауыр қылмысқа неліктен барғаны белгісіз. Бір анығы - шабуылшы бұған дейін есірткі тұтынып, өгей әкесін пышақтаған.
Арыстан Рысбек