Ақмола облысында кран құлап, бір адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында кран құлап, бір адам қайтыс болды

05.04.2023

Ақмола облысында құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қайтыс болды. Қайғылы оқиға Көкшетау қаласында салынып жатқан тұрғын үй кешенінінің аумағында болған. 29-жастағы жұмысшы кран құлап бара жатқан кезде жерге секіріп үлгерген. Алайда, жедел-жәрдем көлігі жеткенше оқиға орнында көз жұмды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу