Ұлыбританияда «Google» компаниясының жүздеген қызметкері Лондондағы кеңселерде ереуіл жариялады. Олар жұмыстан қысқарту жоспарына наразы. Қаңтарда «Alphabet» компаниясы әлем бойынша 12 мың маманды жұмыстан шығаратынын мәлімдеген еді. Бұл компаниядағы жұмыс күшінің 6 пайызы. «Google» қызметкерлері мұндай жағдайда жұмыс істеуге ынта, көңіл-күй жоқ екенін мәлімдеді. Ал компания қысқартудың ешкімге оңайға соқпайтынын түсінетінін жеткізді. Бұған қоса, қызметкерлермен кездесіп, туындаған әр мәселеге қатысты ашық ақпарат беруге уәде етті.
Арай Төлегенқызы