Ақтөбе облысында мектеп директоры парамен ұсталды. Енді ол мемлекетке 18 миллион теңге айыппұл төлеуі тиіс. Сот материалдарына сәйкес Шалқар ауданындағы мектептердің бірінің басшысы зертханашы болып жұмысқа орналаспақшы болған адамнан 600 000 теңге пара алған. Айыпталушы өз кінәсін толығымен мойындады. Сот іс материалдарын қарау барысында оның кәмелет жасына толмаған балалары барын, істеген ісіне өкінетінін және шығын көлемін толық төлейтінін ескерді. Нәтижесінде параның 30 есе көлеміне тең айыппұл төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айрылды.
Жақсыбек Кемал