Қазақстандық дзюдошы қыз әлемдегі үздік спортшылар қатарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық дзюдошы қыз әлемдегі үздік спортшылар қатарында

04.04.2023

Қазақстандық дзюдошы қыз әлемдегі үздік спортшылар қатарында. 48 келі салмақта күресетін отандасымыз Әбиба Әбужақынова 4183 ұпаймен 5-ші орынға табан тіреді. Халықаралық дзюдо федерациясы Антальяда өткен Grand Slam жарысынан кейін рейтингті жаңартқан болатын. Ал жігіттерден 60 келідегі балуанымыз Мағжан Шамшадин мен 73 келідегі Данияр Шамшаев жоғары нәтиже көрсетті. Олар 15 сатыда орналасқан.  

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу