Шымкент қаласында жарапазан айту қайыршылыққа айналып барады. Өздеріңіз көргендей, мектеп жасындағы балалар бүгінде пәтер мен дәмхана аралауды былай қойып, көше қиылыстарында, бағдаршамға тоқтаған автокөліктерге телміріп, алақан жаюды шығарған. Полиция қызметкерлері небәрі үш күннің ішінде мегаполисте жарапазан айтып көше кезген 171 жасөспірімді анықтады. Олардың сексен үшінің ата-анасы әкімшілік жазаға тартылса, тағы 80-нен астам азаматқа профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал мүлдем ата-ана қарауынсыз жүрген 11 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жайғастырылды.
Шарен Бекенов, қалалық полиция департаментінің аға инспекторы:
11 баланың көбісі басқа облыстардан келген қалаға. Ата-аналары келгеннен кейін заңды түрде әкімшілік кодексінің талаптарына сай шара қабылданып, баланы өздеріне табыстап жібереміз.
Ғани Қалмахан