АҚШ-та автобус жүргізуші әйел көше кезген бүлдіршінді құтқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та автобус жүргізуші әйел көше кезген бүлдіршінді құтқарды

11.01.2019

АҚШ-тың Висконсин штатында автобус жүргізуші әйел көше кезген бүлдіршінді құтқарды. Бұл бала Милуоки қаласында табылып отыр. Ол күн суықта далада анасынан кетіп қалса керек. Ирена Ивик есімді жүргізушінің айтуынша, бүлдіршіннің аяқ-қолы әбден тонып қалған. Ал, жергілікті полицияның дерегінше, анасы психикалық ауруға шалдыққандықтан, баласынан көз жазып қалған. Дегенмен, «Рейтердің» хабарлауынша, кішкентай қыз әкесінің қолына аман-есен тапсырылды.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу