Астрахань қаласынан бастау алған мотокеруен Ақтауға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астрахань қаласынан бастау алған мотокеруен Ақтауға жетті

03.04.2023

Маңғыстау облысына Ресейдің Астрахань қаласынан мотокеруен келді. «Каспий – достық теңізі» деп аталатын мотошерудің мақсаты - Каспий маңы елдерінің ынтымақтастығын нығайту. Шараға қатысушылар 11 күнде 5 мың шақырымға жуық жол жүріп, Түрікменстанның Түрікменбашы, Ашхабад, Иранның Бабольсер мен Решт, Әзірбайжанның Астара мен Баку қалаларына баруды жоспарлайды. Содан соң Дағыстан Республикасының аумағымен өз елдеріне қайтады.

Игорь Бабушкин, Астрахань облысының губернаторы:

Біз барлық Каспийдің маңындағы елдерімен қарым-қатынасты белсенді дамытып жатырмыз. Экономикада да, гуманитарлық салада да көптеген бірлескен жобаларымыз бар. Мотошеру «Каспий бестігінің» арасында бейбітшілік, достық пен келісімді нығайта түсеріне сенімдімін.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу