Сенат төрағасы: Заң шығару үдерісі барынша ашық болуы қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы: Заң шығару үдерісі барынша ашық болуы қажет

03.04.2023

Заң шығару үдерісі, оның жобаларын әзірлеу және талқылау барынша ашық әрі инклюзивті түрде жүргізілуі керек. Сенат төрағасы бүгін Палата бюросының отырысында осындай міндет қойды. Оның сөзінше, заң шығару қызметінің сапасын арттыру мәселесіне баса мән берілмек.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Өзгерістерге бағытталған нормалар болуы қажет. Осы заңдарға реформаларға жаңа серпін беретін құжаттар ретінде қарастырып, қабылдауымыз керек.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу