Берік Асылов ҚР Бас прокуроры болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Берік Асылов ҚР Бас прокуроры болып тағайындалды

03.03.2022

Еліміздің бас прокуроры тағайындалды. Бүгіннен бастап бұл қызметті Берік Асылов атқарады. Оны тағайындау туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысын бүгін Сенат депутаттары бірауыздан қолдады. Бұған дейін 58 жастағы генерал-лейтенант Бас прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарып келген. Жаңа Бас прокурор ақпарат құрлдарына барынша ашық болуға және қаңтар оқиғасында қаза тапқан азаматтардың тізімін жариялауға уәде берді. 

Хабарламаларға жазылу