Жетісу облысының 10 жылдық Қазақстан ауылында қазандық жарылып, бір адам қайтыс болды.
Оқиға құрылысы аяқталып қалған 120 орындық мектеп ауласында болған. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің алдын-ала мәліметінше, көлемі 500 литрлік сұйық отын құйылған ыдыс жарылып, артынша өртке ұласқан. Өрт сөндірушілер жалынды жылдам өшіріп, оқиға орнынан 1965 жылғы жергілікті тұрғынның денесін тапқан. Тілсіз жау шарпыған аумақ – шамамен 22 шаршы метр.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.