Түрік парламенті Финляндияның НАТО құрамына кіруіне рұқсат беретін құжатты мақұлдады. Бұл ел аталған заңды ең соңғы болып ратификациялады. Түркия бұған қатысты құжатқа келісім берген отызыншы мемлекет. Айта кетейік, Финляндия мен Швеция Солтүстік атлантикалық альянсқа қабылдану бойынша өтінішті былтыр жазған. Бұл – олардың Ресей-Украина қаруыл қақтығысына берген жауабы еді. Соңғы мәліметке қарағанда, Финляндия туралы жобаны түрік парламентарийлерінің 270-тен астамы қолдаған.
Хайдар Акар, Түркия ұлттық мәжілісі төрағасының орынбасары:
Финляндияның НАТО ұйымына қосылуын ратификациялау хаттамасын бекітуге қатысты парламент депутаты Мұстафа Cентоп ұсынған заң жобасына ашық дауыс берудің нәтижелері мынадай: қолдағандар - 276 адам. Түркия парламенті Финляндия мемлекеті мен халқын құттықтайды. Заң жобасы мақұлданды.
Арыстан Рысбек