Хельсинки Стокгольмсыз НАТО-ға мүше болмайтынын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хельсинки Стокгольмсыз НАТО-ға мүше болмайтынын мәлімдеді

13.06.2022

Финляндия Швециясыз НАТО-ға мүше болудан бас тартады. Осы елдің президенті Саули Ниинисте солтүстікатлантикалық альянстың бас хатшысы Йенс Столтенбергке осылай деп ескертті. Финляндия лидерінің сөзінше, Түркиямен арадағы қиындықтарға сай Швецияның әскери одаққа кіруі кейінге қалдырылса, Хельсинки де НАТО-ға қосылмайды.

Айта кетсек, қос мемлекет Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін одаққа мүше болуға өтініш берген. Дегенмен, ресми Анкара бұл елдердің Күрдістан жұмысшы партиясына деген ұстанымдарына қарсы. Сол себепті Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіру процессі әзірге тоқтап тұр.


Хабарламаларға жазылу