Түркістанда бес күн бұрын із-түссіз жоғалған оқушы қыздың мәйіті судан табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда бес күн бұрын із-түссіз жоғалған оқушы қыздың мәйіті судан табылды

30.03.2023

Айта кетейік, 11 жастағы Інжу Ескермес бес күн бұрын үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған болатын. Анасы мен туыстары өздігінен таппаған соң полицияға арызданған. Қызды іздеп шыққан тәртіп сақшыларына қала тұрғындары, еріктілер мен ұстаздар көмектескен еді. Кейіннен оның құрбысы екеуі бірге канал бойына барып, Інжудің сонда абайсызда құлап кеткенін айтқан. Бүгін өңірдің төтенше жағдайлар қызметкерлері каналдан қыздың мәйітін алып шықты. Қазіргі таңда оқиға орнында полицейлер жұмыс істеуде. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу