Бүгін жұмысына кіріскен депутаттар қандай мәселелерді көтермек? Үкіметке жолдайтын алғашқы депутаттық сауалы қандай?
Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Абай облысында жол әсіресе Қалбатау-Майқапшағай, Қалбатау-Үшарал жолдары төрт жыл болды басталғанына аяқталған жоқ. Екінші мәселе Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарды қолдауды жетілдіруге қатысты болады.
Қарақат Әбден, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Әйелдердің зейнет жасы туралы біраз жинаған аналитикаларым бар. Сол жайлы қоятын шығармын.
Ермұрат Бапи, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Менің бағытым, мақсатым, мұратым, мүддем сол баяғы қалай болды солай қалады.
– Парламенттегі оппазицинер боласыз ба сонда?
– Парламенттің ішінде өзіміз оппазициялық топ құрып, халықтық мүдде жолында жұмыс істейміз деген ой бар.
Досжан Маратұлы
