Сенат төрағасы болып Дариға Назарбаева сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы болып Дариға Назарбаева сайланды

02.09.2019
Бүгін Дариға Назарбаева Парламент Сенатының спикері болып қайта сайланды. Жасырын дауыс беру нәтижесінде жиынға қатысқан 48 сенатордың 47-сі оның кандидатурасын қолдап дауыс берді. Сонымен қатар жоғары палатаның тұрақты комитеттеріне төрағалар сайланды. Ал жаңадан қызметіне кіріскен депутаттар Қазақстан халқына адал қызмет етуге, тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға және жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант берді. 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу