Қарағандылық кеншілер мен металлургтер мүддесін қорғайтын қор ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандылық кеншілер мен металлургтер мүддесін қорғайтын қор ашылды

29.03.2023

Қарағандыда «Арселор Миттал Теміртау» АҚ қарасты өндіріс орындарында жұмыс істеп мерт болған немесе жарақат алған азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғайтын қоғамдық қор құрылды. Бұл ұйым компанияның кәсіпорындарының қоршаған ортаға келтірген зардабы мәселелерімен де айналысады. Теміртаудағы металлургиялық комбинат пен Қарағанды көмір шахталарына осы инвесторлық компания жетекшілік еткеннен бері 100-ден астам жұмысшы қайтыс болған. Мыңдаған адам түрлі өндірістік жарақат алған. Алайда олардың және туыстарының шағымы осы уақытқа дейін толық қанағаттандырылмаған дейді қоғамдық қор құрылтайшылары. Енді азаматтар өздерінің шағымдарын арнайы құрылған сайтқа да қалдыра алады. Қор тарапынан заңгерлік көмек те көрсетіледі. Кеншілер мен металлургтердің денсаулық мәселелері жіті назарда болады.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу