Бұл - Венесуэладағы мұғалімдер. Олар жалақыны өсіруді талап етіп, ел астанасы Каракас көшелеріне шеруге шықты. Қолдарына плакат ұстаған демонстранттар білім министрлігі ғимаратына дейін барған. Жалақы өте аз, ештеңеге жетпейді деп ұрандатты. Шеруге шыққандардың дені мектеп мұғалімдері. «Рейтер» ақпарат агентігінің дерегінше, олардың жалақысы - 10 доллар көлемінде. Салыстыра кетсек, Венесуэлада университет профессорларының ай сайынғы табысы - 80 доллар.
Арай Төлегенқызы