Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушылары Қазақстандағы жұмысын аяқтады. Бүгін сайлауды қадағалау миссиясының басшысы Оуэн Мёрфи Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровпен қорытынды кездесу өткізді. Мерфи биылғы науқан «кандидаттарға өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік беріп, саясаткерлер арасында бәсекелестікті арттырып, сайлаушылардың таңдау жасау мүмкіндігін ұлғайтқанын» атап өтті.
Оуэн Мерфи, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының басшысы:
Алдымен науқанды ойдағыдай өткізіп алғандарыңызбен құттықтаймын! Биылғы сайлау барысы бұрынғыдан өзгерек болды. Біршама жаңашылдықтар енгізілді. Соған қарамастан жұмыс нәтижелі болды деп ойлаймын.
Айя Мүтәлі