Алматылықтардың мемлекеттің көмегімен баспаналы болу мүмкіндігі артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтардың мемлекеттің көмегімен баспаналы болу мүмкіндігі артты

27.03.2023

Алматылықтардың мемлекеттің көмегімен баспаналы болу мүмкіндігі артты. Ол үшін бірнеше ипотекалық бағдарлама ұсынылып отыр. Мәселен, 30 пайыздан басталатын алғашқы жарнамен құрылыс компанияларынан тікелей тұрғын үй сатып алуға болады. Осы әдіс бойынша Алматыда жаңа кешендерден 850-ден аса пәтер ұсынылған. Сондай-ақ, ипотекалық бағдарламаның тағы бір түрі – «Корпоративтік» жобасы. Оның аясында әр компания өз мамандарының баспана мәселесін шешуге көмектеседі. Банк жұмыс беруші мекемемен келісімшартқа отырып, бөлінген қаражат қызметкердің алғашқы жарнасының бір бөлігін жабуға жұмсалады. Оған қоса 35 жасқа дейінгі мамандарға жеңілдетілген несие ұсынатын «Алматы жастары» бағдарламасына биыл 20 млрд теңге бөлініп отыр. Жоба арқылы түрлі саланың 1100 қызметкері баспана ала алады.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу