Таразда 600 орындық жаңа мектеп ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда 600 орындық жаңа мектеп ашылды

27.03.2023

Таразда 600 орындық жаңа мектеп ашылды. 1 млрд 626 млн теңгеге тұрғызылған білім мекемесі 23 оқу бөлмесімен, компьютер, модификациялық, лингафон кабинеттерімен, спорт зал, шеберхана және асханамен жабдықталған. Төртінші тоқсанда ашылғандықтан әзірге мұнда 350-ден астам бастауыш сынып оқушысы білім алмақ. Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай елімізде 1000 мектеп салуды жүктеген. Қаланың шеткі ауданында салынған білім ордасы осы «Жайлы мектеп» жобасының жалғасы. Былтыр Жамбыл облысында 20 мектептің құрылысына 7 млрд. теңге бөлініп, оның 8-і пайдалануға берілді. Ал биыл 12 нысанның құрылысы аяқталады.

Қалбүбі Абдраманова, қала тұрғыны:

Төрт немерем бар, төртеуі де осы мектепке келіп оқиды. Өйткені біз барлық ауыл тұрғындары жан-жаққа балаларымызды тасып, әбден суық кездерде балалар жаурайды. Міне, енді өзіміздің мектебімізде оқимыз.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу