Ауғанстанда қыздар онлайн курстарға жазыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда қыздар онлайн курстарға жазыла бастады

27.03.2023

Ауғанстанда мектептер мен университеттерден аластатылған қыздар жаппай онлайн білім беру курстарына жазыла бастады. Әсіресе, ағылшын тілін оқуға сұраныс жоғары. Былтырдан бері елде қашықтан оқытуға ұсыныстар көбейген. Себебі тәліптер билікке келгеннен кейін мұнда қыздарға арналған мектептер жабылды. Сонымен бірге олар жоғары оқу орындарынан да шеттетілді. Дегенмен Ауғанстан халқының 97 пайызы кедейшілікте өмір сүріп жатыр. Сол себепті де көбінің онлайн білім алуға қажетті не компьютері, не интернеті жоқ.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу