Мәжіліске өткен алты партия қанша мандат алатыны белгілі болды. Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, «Amanat» партиясы 40, «Ауыл» партиясы 8, «Respublica» мен «Ақ жол» партиялары 6, «Халық» партиясы 5, «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы 4 мандат иеленген. Ал бір мандатты округтер бойынша 29 депутат Мәжіліске сайланды. Жалпы Мәжілісте 98 депутат болады.
Серік Селеубай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ОСК: Мәжілісте 98 депутат болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/173573/)