Қытайда төрт автобус пен жүк машинасы соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда төрт автобус пен жүк машинасы соқтығысты

24.03.2023

Бүгін Гонконгта төрт ірі автобус жүк машинасымен соқтығысты. Соңғы мәліметке қарағанда, 100-ге жуық адам жараланған. Олардың жартысы – оқушылар. Балалар қаупсіз жерге көшіріліп, зардап шеккендер дереу жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Апатқа не себеп болғаны белгісіз. Жергілікті полиция оқиға жайында мәлімет берместен оның тергеліп жатқанын хабарлаумен ғана шектелді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу