Бүгін Гонконгта төрт ірі автобус жүк машинасымен соқтығысты. Соңғы мәліметке қарағанда, 100-ге жуық адам жараланған. Олардың жартысы – оқушылар. Балалар қаупсіз жерге көшіріліп, зардап шеккендер дереу жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Апатқа не себеп болғаны белгісіз. Жергілікті полиция оқиға жайында мәлімет берместен оның тергеліп жатқанын хабарлаумен ғана шектелді.
Арыстан Рысбек