Бұл - Франциядағы жалпыұлттық шеру. Шерушілер ел президент Эммануэль Макронның зейнетақы реформасына қарсылықтарын ашық білдіріп жатқанына тоғызыншы күнге ұласып отыр. Ашынған демонстранттар Парижде газет сататын дүңгіршектер мен қоқыс жәшіктеріне от қойып, полициямен қақтығысты. Соңғы мәліметке қарағанда, 123 тәртіп сақшысы жараланып, 80 адам тұтқындалды. Қарсылық акциясына көптеген саланың мамандары қатысты. Сондықтан мектептерде оқу тоқтап, пойыздардың кестесі бұзылып, кейбір әуе рейстер тоқтаған. Айта кетсек, бірнеше күн бұрын франуз үкіметі азаматтардың зейнетке шығу жасын 62-ден 64-ке көтеру туралы заңды парламенттің дауысына салмай қабылдады. Осыған наразылық білдіріп, кәсіподақтар наурыздың 28 бүкіл елде тағы да манифестация ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Арыстан Рысбек