Көкшетауда мерекеге орай көшпелі өркениет фестивалі ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда мерекеге орай көшпелі өркениет фестивалі ұйымдастырылды

21.03.2023

Көкшетау қаласында да, орталық алаңдағы мерекелік шараға жиналған жұрт бауырсақ, қымыз және наурыз көжеден дәм татты. Ұлыстың ұлы күніне орай шаһарда көшпелі өркениет фестивалі ұйымдастырылды. Орталық алаңда тігілген киіз үйлерде қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттайтын ұлттық құндылықтар, әшекейлер мен жәдігерлер қойылды. Ал, өнерпаздар ән-шашумен мерекенің көркін қыздыра түсті. Тұрғындар ұлттық ойындарда бақ сынады. Тіпті, балуандар үш тонналық көлік сүйреп, өзара мықтыларын анықтады.

Сайран Рүстемов, қала тұрғыны:

Наурыз мерекесі жақсы өтіп жатыр. Ауа-райы да өте жақсы. Халық көп жиналған. Көңіл-күйлері көтеріңкі. Асық ойыны, қазақтың бірнеше ойындары, арқан тарту, күрес барлығы жақсы ұйымдастырылған. Өзіміз ырзамыз. Күн мен түн теңелген Наурыз мейрамы құтты болсын! Елімізге тыныштық, халқымызға бақытты, баянды өмір тілеймін!

Хабарламаларға жазылу