Алматыда «Қаза мен жаза» қылмыстық драмасының тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Қаза мен жаза» қылмыстық драмасының тұсауы кесілді

30.06.2015
Алматыда «Қаза мен жаза» қылмыстық драмасының тұсауы кесілді

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында Игорь Вовнянконың «Қаза мен жаза» спектаклінің тұсауы кесілді.

Қылмыстық драманың қоюшы-режиссері - КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов.

Қойылымның сюжеті бойынша, Әсел есімді аруға «кісі өліміне айыпты», деген жала жабылады. Басты кейіпкер шыңыраудан шығу үшін әуре-сарсаңға түседі.

Психологиялық шым-шытырығы мол спектакльдің соңында жас қыз ақталып шығады.

 

Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу