Қарағанды облысында сайлаушылардың 60 пайыздан астамы дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында сайлаушылардың 60 пайыздан астамы дауыс берді

19.03.2023

Руслан Нұрланұлы, тілші:

Рахмет Аягөз! Қарағанды облысында сайлаушылардың 60 пайыздан астамы дауыс берді. Жалпы облыста 654 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Қазір барлығында мамандар бюллетендерді санап жатыр. Дәл қазір менің жанымда тарих ғылымдарының кандидаты, қоғам белсендісі Салауат Қамшыбайұлы тұр. Бүгін сайлау учаскелерінде болдыңыз ба? Тұрғындардың сайлауға белсенділігі қалай болды?

Салауат Кентбеков, тарих ғылымдарының кандидаты, қоғам белсендісі:

Биылғы сайлаудың ерекшелігі, халықтың белсенділігі, әсіресе жастар көп қатысқаны жөнінде айтады.

Руслан Нұрланұлы, тілші:

Саяси науқан барысында заңбұзушылықтар болған жоқ. Облыс бойынша бәсекелестік өте жоғары болды. Айта кетсек, сайлауға 665 кандидат түсті. Соның ішінде Мәжіліске екі бір мандатты округ бойынша – 21. Барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары сайлауына 644 адам түсті. Бір депутаттық мандатқа орташа бәсекелестік 3-4 үміткерден келеді.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу