Орал қаласында Қадыр Мырза Әлі атындағы орталық ашылып, ескерткіші орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал қаласында Қадыр Мырза Әлі атындағы орталық ашылып, ескерткіші орнатылды

27.06.2015
Орал қаласында Қадыр Мырза Әлі атындағы орталық ашылып, ескерткіші орнатылды

Мерекеге еліміздің әр тарабынан ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлері жиналып, терең ой, тегеурінді талант иесінің рухына құрмет көрсетті.

Аумағы 5 мың шаршы метрге жуықтайтын нысанды өңірдегі мәдениет пен өнердің орталығына айналдыру үшін бар жағдай жасалған.

Мұнда амфитеатр, көрме залы, жазушылар мен суретшілер одағының өкілдіктері, балалардың шығармашылығын шыңдауға арналған үйірмелер жұмыс істейтін болады.

Орталықтың көзайымы - Қадыр Мырза Әлінің музейі. Онда ақынның тұтынған бұйымдары мен өмір бойы жинаған жеке кітапханасы орналасқан. Ондағы кітап қоры 8 мыңнан артып жығылады. Арасында ақынның туындылары да аз емес.

Көзі тірісінде ардақталған қарымды қаламгеріне Ақжайық жұрты осылайша құрмет көрсетті. Ақынның бейнесі алаш жұртының есінде мәңгі сақталары сөзсіз.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу