Сенат төрағасы дауыс беріп, өз таңдауын жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы дауыс беріп, өз таңдауын жасады

19.03.2023

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Елордадағы № 111 сайлау учаскесіне келген ол биылғы сайлаудың маңызы зор әрі бәсекеге толы деді. Әрі бүгін ел дамуына қатысты маңызды күн екенін айтып, әр азаматты сайлаудан қалыс қалмауға шақырды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Осы сайлаудың ашық әділетті түрде толықтай заңнаманың негізінде өткізу керектігін Президентіміз бірнеше рет айтқан болатын. Сондықтан тиісті мемлекеттік органдардың тарапынан тиісті жұмыстар жасалды. Сол себепті осы сайлау толықтай заңнаманың негізінде толықтай халықаралық стандарттардың негізінде, бәсекелі түрде, ашық түрде өтеді деп сенеміз.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу