Ерлан Қошанов сайлауда дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қошанов сайлауда дауыс берді

19.03.2023

Аманат партиясының төрағасы Ерлан Қошанов та өз таңдауын жасады. Ол Астанадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Ерлан Қошанов Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау елде әділ өтетініне сенім білдірді.  

Ерлан Қошанов, «Amanat» партиясының төрағасы: 

Сайлауды ұйымдастыру өте жоғары деңгейде. Халық дауыс беруге белсенді түрде барып жатыр. Халықтың саяси өмірге араласу қарқыны да жақсы. Сайлаудағы дауыс беру процесін байқаушылар егжей-тегжейлі қарап отыр. Сондықтан сайлау әділ өтетініне еш күмән жоқ.  


Хабарламаларға жазылу