Францияда зейнетақы реформасына наразылық білдірушілер күшпен таратылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда зейнетақы реформасына наразылық білдірушілер күшпен таратылды

17.03.2023

Француз полициясы пенсия реформасына наразылық білдіріп шеруге шыққан демонстранттарды осылай таратып жатыр. Бұл тәртіпсіздік үкімет азаматтардың зейнетке шығу жасын 62-ден 64-ке дейін көтеру туралы заңды парламенттік дауысына салмай мақұлдау туралы шешім қабылдағаннан кейін басталды. Францияда жыл басынан бері миллиондаған адам митингтерге шықты. Өткен түнде де сондай акция тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласып, манифестанттарды таратуға көзді жасаурататын газ қаруы қолданылды. Президент Эммануэль Макронның мәлімдеуінше, аталған реформа зейнетақы қорын күйреуден қорғау үшін қажет.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу