Израильде шерушілер күшпен таратылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильде шерушілер күшпен таратылды

21.07.2023

Тель-Авив тас жолына қарай ағылған шерушілер күшпен таратылды. Израиль полициясы оларға суық су шашқан. Елде мыңдаған тұрғын сот реформасына қарсы шерулетіп жатыр. Ал ел үкіметі даулы заң жобасына қатысты келісімге келуге жақын екенін мәлімдеді. Депутаттар сот жүйесін өзгертуге бағытталған реформаның бірінші бөлігіне дүйсенбі күні дауыс бермек. Израильде аталған заң жобасына қарсы шерулер наурызда басталған еді. Күллі ел аумағында наразылық акциялары өтті. Қарсылық күшейген соң премьер-министр құжатты талқылауды жазға қалдырған болатын.   


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу