Бір жылда Қазақстанда жаңа 3 облыс құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір жылда Қазақстанда жаңа 3 облыс құрылды

16.03.2023

Президенттің бір жыл бұрынғы халыққа арнаған жолдауында әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру туралы айтылған.

Мемлекет басшысының жарлығымен елімізде жаңа 3 облыс құрылды. Шығыс Қазақстаннан еншісін алып шыққан Абай облысы болса, оның орталығы Семей қаласы. Алматы өңірі де екіге бөлініп, Жетісу облысы құрылды. Жаңа облыстың орталығы Талдықорған қаласы. Жер аумағы бойынша еліміздің ең үлкен облысы болған Қарағанды облысы да екіге бөлінді. Жаңадан Ұлытау өңірі құрылды. Орталығы Жезқазған қаласы. Құжат 8-маусымнан бастап күшіне енгенін еске салайық.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу