14 жыл бойы зейнетақы қорына көк тиын аударылмаған. Петропавл халықаралық әуежайының 100-ден астам жұмысшысы бірнеше жылдан бері ақ адал ақшасын даулап, қайтара алмай жүр. «Петропавл халықаралық әуежайы» 2021 жылы қызметін тоқтатқан. Мекеме жұмысшыларға 35 млн теңге берешек.
Марат Шорманбаев, көлік жүргізушісі:
Бізден зейнетақы қорына алынып отырған жарна қорға түспеді. 2007-ден 2021 жылға дейін 14 жыл бойы еңбек еттім. Алайда, ол еңбек өтілі ретінде саналмайды.
Еңбек өтілі есепке алынбағандықтан зейнетке шыққан азаматтарға ең төменгі зейнетақы мөлшері тағайындалып келген. Жалақы бойынша жылдар бойы жиналған қарыз өтелген. Бірақ кәсіпорынның бұрынғы басшылығының айтуынша, зейнетақы қорына аударатын қаржы жоқ. Қазір мекемені банкрот деп тану процедуралары жүріп жатыр. Ал, соңғы екі жыл көлемінде жолаушыларға Қызылжар халықаралық әуежайы қызмет көрсетіп келеді.
Камал Гусейнов, Петропавл халықаралық әуежайының банкроттық директоры:
Бүгінгі күні дебиторлық қарызды қайтару жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Қазір бес млн теңгедей қаражат бар. Аталған соманы зейнетақы бойынша қарыздың бір бөлігін өтеуге жұмсаймыз. Бұл бағытта жұмыс жалғасады. Бірақ нәтижесі қандай болатынын білмейміз.
Эльмира Каленова