Азаматтарды тек қағаз жүзінде жұмысқа орналастыру белең алып отыр - Тоқаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азаматтарды тек қағаз жүзінде жұмысқа орналастыру белең алып отыр - Тоқаев

26.01.2021
Азаматтарды тек қағаз жүзінде жұмысқа орналастыру белең алып отыр - Тоқаев

Азаматтарды тек қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналастыру белең алып отыр. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

«Біз Жұмыспен қамтудың жол картасын қабылдап, оған 1 триллион теңге бөлдік. Бұл қаржының 98,2 пайызы игерілді. Бағдарлама халықты еңбекпен қамтып, іскерлік белсенділікті қолдау үшін маңызды рөл атқарды. Алайда ондаған және жүздеген мың жұмыс орны ашылғаны туралы ақпаратты тексергенде, ол зейнетақы және салық төлемдерімен сәйкес келе бермейді. Азаматтарды қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналастыру белең алып отыр.

Дәл осындай 15 мың жағдай тіркелген. Жұмысқа орналасты деген адамдардың үштен бірі зейнетақы қорына қаржы аудармаған болып шықты. Мұндай жағдай Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында анықталып отыр

Жалпы, еңбекпен қамтылғандардың 40 пайызға жуығы «көлеңкеде» қалып қойған. Мен бұған дейін осындай есептерді автоматты түрде қайта тексеру тәсілдерін енгізу туралы тапсырма бердім. Алайда Мемлекеттік кірістер комитеті мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұл тапсырманы әлі орындаған жоқ» - деді Президент.


Үкімет отырысы

Хабарламаларға жазылу