Англияда 23 мыңнан астам мектеп екі күнге жабылып, оқушылар сабаққа бармады. Себебі мұғалімдер ереуілге шығып, жалақыны өсіруді талап етіп жатыр. Қазіргі жағдайды Лондондағы тілшіміз Марина Бекеновадан білейік. Марина, сіз эфирдесіз.
Марина Бекенова, тілші:
Кәсіподақ ұйымына мүше мұғалімдер бұған дейін де ереуілге шыққан. Олар жалақыны инфляцияға сәйкес көтеруді және еңбек шарттарын жақсартуды талап еткен. Бірақ биліктегілер құлақ аспады. Сондықтан ұстаздар қауымы тағы бас көтерді. Педагогтар күнкөріс деңгейінің күрт төмендеп кеткенін айтады. Елде бәрі қымбат: азық-түлік, жарық пен газ, жалдамалы пәтер ақысы. Ипотекалық несиелердің проценттік мөлшерлемелері аспандап кеткен. Мұғалімдер шыдас бермей, жаппай жұмыстан кетіп жатыр. Мұғалімдер өздеріне лайықты жалақы ұсынылмайынша наразылық шараларын тоқтатпаймыз дейді. Биліктегілер болса, келіссөздер жүргізуге шақырып жатыр. «Алдымен инфляцияны екі есеге дейін азайтуымыз керек. Жалақыны көтерсек, қымбатшылық жалғаса береді» дейді білім министрі.
Марина Бекенова