Сирия президенті Башар Асад Мәскеуге барды. Ол елінде болған жойқын зілзаладан кейін алғаш рет шетелге сапар шегіп отыр. Кремльдің мәлімдеуінше, Араб Республикасының жетекшісі мен президент Владимир Путин саясат, сауда және гуманитарлық салаларда ынтымақтасу мәселесімен бірге Сирия төңірегіндегі ахуалды талқылайды. Айта кетсек, Ресей 2015 жылы Сирияда операция жүргізіп, азаматтық соғыста Асад армиясының басым түсуіне жәрдемдесті. Қазір Мәскеу бұл мемлекеттің Хмеймим, Латакия провинцияларында әскери база ұстап отыр.
Арыстанбек Рысбек