Сирия әскері радикалды ұйымдарды елдің 30-ға тарта ауылынан ығыстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирия әскері радикалды ұйымдарды елдің 30-ға тарта ауылынан ығыстырды

23.10.2015
Сирия әскері радикалды ұйымдарды елдің 30-ға тарта ауылынан ығыстырды
Армия қарулы топты Ресей әуе күштерінің соққысы және күрд жасақтарының қолдауымен жеңген.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, елдің әскери ұшақтары бейсенбіде экстремистердің Хама, Идлиб, Латакия, Алеппо, Дамасктегі 72 нысанын шабуылдаған.

Ал, Сирия Президенті Башар Асад өзіне қарсы күресіп жатқан оппозициялық күштермен «Ислам мемлекеті» ұйымына қарсы бірлесе күресу үшін диалог өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу